Мектеп формасына жаңа талап: Ата-аналар нені білуі керек?
Ал мектеп формасына жаңа талап. Енді ата-аналар оқушылар киімін кез-келген дүкеннен сатып алып, өндірушіні өздері еркін таңдай алады. Білім беру ұйымдары тарапынан жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді. Яғни, белгілі бір брендті немесе сатушыны міндеттеуге заңмен тыйым салынған. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық үлгіде болуы қажет. Барлық мектепте формаға қатысты бірыңғай қағидалар сақталуы тиіс. Әлеуметтік осал отбасылардың балалары мемлекет назарында. Биылғы жаңа оқу жылында 450 мыңға жуық баланың мектеп формасын, аяқ киім, құрал жабдығын алып беру үшін шамамен 23 млрд теңге қарастырылған.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Мектеп формасының пішімін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептегі өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Ол жалпы мектептік ата-аналар жиналысында бекітіледі Мектеп формасына енгізілетін өзгерістер ата-аналардың құрамынан тұратын мектеп кеңесінің келісімімен қабылданады. Бұл ретте ата-аналар мектеп формасын кез-келген сауда желісінен сатып алады және өндірушіні еркін таңдай алады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17