БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
Оралда «Заң мен тәртіп» спорттық-құқықтық форумы өтті.
Іс-шараға облыс әкімшілігі мен әділет департаментінің өкілдері қатысты. Мемлекеттік қызметшілер алдымен «Конституция-2026» композициясын жасап, жиналғандарды тәнті етті. Сонымен қатар саламатты өмір салтын насихаттауға арналған түрлі спорттық жаттығулар ұйымдастырылды. Батыстағы мемлекеттік қызметкерлер мәдени-рұхани дүниеден де құралақан емес екенін көрсетіп, Абай шығармаларынан үзінділер оқыды. Осылайша олар «Адал азамат» қағидатына сай жоғары белсенділік танытып, конституциялық құндылықтарды дәріптеді.
Айман Хайруллина, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:
Заңға бағыну әр азаматтың ғана емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби әрі азаматтық міндеті деп санаймын. Егер әр азамат «Заң мен тәртіпті» тек құқық қорғау органдарының міндеті деп санамай, көшелерге қоқыс шашпай, қоғамдық орындарды ластамай, үйінің айналасын таза ұстаса, осындай кішкентай нәрселерден заңға бағыну, тәртіпке бағыну дағдысы қалыптасады деп ойлаймын.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17