Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Еуразиялық үкіметаралық кеңеске мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесу өткізді. Жүздесу барысында екі елдің көшбасшылары арасындағы сенімге құрылған саяси диалог пен өзара түсіністікке негізделген одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғаны атап өтілді. Кейінгі 5 жылда қазақ-қырғыз тауар айналымы 2 есе артып, 2,2 млрд долларға жеткен. Жиын қорытындысы бойынша алты құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлардың электрондық саудасы туралы келісім бар. Бұдан басқа, Одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша бірқатар өкімдер қабылданды.
Назгүл Хатепова, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Елдердің ішкі нарықты азық-түлік тауарларын толыққанды қамтамасыз ету дәрежесі талқыланды. Екінші, материалдық құндылыққа, импортқа тәуелділік мәселесі қарастырылды. Үшінші мәселе алдымызда тұрған мәселелерге жетуді бірлескен жұмыс жоспарын қарастыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы