Басты Жаңалықтар Елімізде 70 теміржол вокзалы жаңартылды

Елімізде 70 теміржол вокзалы жаңартылды

Елімізде 70 теміржол вокзалы толықтай жаңартылып, жолаушылар игілігіне берілді. Нысандардың ішінде тіпті ғасырдан астам жөндеу көрмеген темір жолдар бар. Мәселен, Ақтөбе облысында Шалқар станциясы 1909 жылы салынған. 117 жылдық тарихы бар нысан толықтай заманауи үлгіде қайта өзгерді. Қайта жаңартудан кейін бірқатар объектілердің көлемі де ұлғайды. Маңғыстау облысындағы Шетпе станциясының вокзалы – 200-ден 1  000  шаршы метрден астам аумаққа дейін кеңейтілді. Яғни, жаңа ғимараттың көлемі ескісінен бес есеге ұлғайтылды. 

Нұржан Келбуғанов, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 124 вокзалға модернизация және күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жалпы 124 вокзалдың 121-ін биыл бітіріп, қалған үш вокзал тарихи маңызы бар вокзалдар Алматы-2 вокзалы,  Астана вокзалы және Түркістан вокзалы олар биыл дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Келесі жылы жұмыстарды бітіреміз.

124 вокзалдың 37-сінің ескі ғимараты бұзылып, жаңадан салынды.  Қалған нысандарда аумақ кеңейтіліп, инженерлік инфрақұрылым да түгелдей жаңарды. Шатыр мен қасбеттер ауыстырылып, кәріз, су, жылу, электр және байланыс желілері заман талабына сай қайта тартылды. Ал вокзалдардың ішкі кеңістігі жаңа жиһазбен жабдықталып, бейнебақылау, өрт және күзет дабылдары орнатылды.


Бөлісу