Басты Жаңалықтар Атырауда бүлдіршінге күш қолданған тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды

Атырауда бүлдіршінге күш қолданған тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды

Атырауда бүлдіршінге күш қолданған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Баланың ата-анасы бүлдіршіннің жекеменшік балабақшаға барғанына небәрі бес күн болғанын айтады.  Алғашында оның үйдегі мазасыздануын бейімделу кезеңімен байланыстырған. Алайда кейін баласының құлағынан қан ағып, иығында тістелген із барын байқап, балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбасын қараған. Бейнежазбада тәрбиешінің баланы қолынан сүйреп, жұлқылап, күштеп ұйықтатуға әрекеттенгені көрінеді. Баланың жақындарының айтуынша, тәрбиеші бұған дейін де істі болған. Дегенмен бұдан балабақша басшылығы хабарсыз. Оқиға болған жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымы үш ай бұрын ашылған. Қазір мұнда 24 бала тәрбиеленеді.

Әділбек Қозыбеков, облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Құқықбұзушылыққа қатысты барлық тұлғалар полиция бөліміне жеткізілген. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.


Бөлісу