Басты Жаңалықтар Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады

Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктердің бала туу арқылы азаматтық алу мүмкіндігін шектеуге бағытталған екі жарлыққа қол қойды. Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл құжаттар АҚШ-та дүниеге келген барлық балаға автоматты түрде азаматтық беру қағидатын қайта қарауға және «босану туризміне» қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Бірінші жарлық бойынша АҚШ аумағында тууына байланысты азаматтық алу құқығын пайдалана алмайтын шетелдіктер санаты көбейеді. Екінші жарлық бойынша «босану туризмі» тоқтатылады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Бала туу арқылы азаматтық беру мәселесіне өзгеріс енгізіп жатырмыз. Бұл ереже Азаматтық соғыс кезінде басқа жағдай үшін қабылданған еді. Енді қазір мұны пайдаланып, кәсіп құрып жатқандар бар. Азаматтықты бұлайша сатып алуға жол берілмеуі тиіс.


Бөлісу