Абай облысында тазалыққа талап күшейді
Абай облысында қала аумағындағы санитарлық жағдай бақылауға алынды. Облыс әкімдігі, табиғат қорғау прокуратурасы мен полиция департаментінің мамандары бірлесіп енді тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырмақ. Осындай тексеру барысында құрылыс қалдықтарын бей-берекет тастағандар, қоқысты уақытылы шығармаған тұрғындар мен өзіне тиесілі аумақты тиісті деңгейде абаттандыруға ден қоймағандар анықталып, жазаланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес оларға ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Ал қайталанған жағдайда айыппұл көлемі ұлғаяды. Санитарлық талаптарды бұзғандарға да заң қатал-дейді мамандар.
Нұрдаулет Мұқашев, табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру бөлімінің бас маманы:
Жыл басынан бері Абай облысы әкімдігі мен полиция департаменті және Абай облысының прокуратурасымен бірлесіп 50 ден астам рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 7 мыңға жуық хаттама толтырылып, оның 4 мыңнан астам құқықбұзушылық хаттамалар толтырылып ескертулер жасалынды және айыппұлдар салынды. Қазіргі уақытта снаитарлық нормаларға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қала ішіндегі құқықбұзушылықтар азаюда.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17