Жамбыл облысында 6 ауылға су құбыры тартылды
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында қайтарылған активтер есебінен 6 ауылда ауыз су жүйесі тартылды. Елді мекендердегі ең ірі инфрақұрылымдық жобаға 7 млрд теңге бөлінді.
Енді Мойынқұм, Құмөзек, Бірлік, Биназар, Шығанақ ауылы мен Мыңарал станциясындағы 16 мың адам тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылады. Жоба аясында гидро нысандар толық жаңарып, су жинау резервуарлары тазартылады. Сондай-ақ, заманауи су сорғы қондырғылары орнатылмақ. Ал құрылыс-монтаж жұмыстары аудан прокуратурасының бақылауында болады.
Қайсар Бекмұратов, Мойынқұм ауданының прокуроры:
Бұған дейін аталған ауылдардың тұрғындары ауыз суды белгіленген уақытпен ғана пайдалануға мәжбүр болса, жоба толық аяқталғаннан кейін халық тәуліктің кез келген уақытында таза ауыз суға қол жеткізеді. Бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартуға және әлеуметтік әл-ауқатты көтеруге бағытталған маңызды қадам.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16