Басты Жаңалықтар Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді

4 тамыздан бастап еліміздегі жұмыс берушілерге жаңа міндет жүктеледі. Жаңа талаптарға сәйкес, компаниялар кейбір санаттағы азаматтарды жұмысқа қабылдаудан бас тартса, оның себебін жазбаша түрде көрсетуге міндетті болады.  Еңбек кодексінде қызметкердің ар-намысы, қадір-қасиеті мен жеке өміріне қол сұқпау құқығы бекітілді. Бұдан бөлек, мерзімді еңбек шартын тоқтату тәртібі, материалдық жауапты қызметкерлерді жұмыстан босату, тәртіптік жаза қолдану, міндетті медициналық тексерулер мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты нормалар жаңартылды. 13 тамыздан бастап мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер күшейтіліп, кадрлық процестерді цифрлық жүйе арқылы жүргізу талаптары енгізілді. Ал 25 тамыздан бастап қызметкерлер киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті. Өз кезегінде жұмыс берушілер қызметкерлерді осы талаптармен таныстырып, олардың орындалуына ішкі бақылау жүргізуге тиіс.


Бөлісу