Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексі бойынша көш бастады
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексі бойынша көш бастады.
Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орталығы әл-ауқат индексі
рейтингісінің жаңа шығарылымын жариялады. Рейтинг елдерді экономикадан бастап
азаматтардың жеке бостандықтарына дейінгі ондаған көрсеткіш бойынша бағалайды.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан әлем бойынша 66-орынға тұрақтады. Осылайша ел
посткеңестік Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Онкологиядан болатын өлім-жітім 26,6%-ға
төмендеді
Қазақстанда онкологиядан болатын өлім-жітім 26,6%-ға төмендеді. Соңғы үш жылда
обырды ерте анықтау көрсеткіші 36,8%-ға дейін өсіп, асқынған жағдайлар 7,5%-ға
азайды. Бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жетті. Қазір елімізде 246 мың
адам динамикалық бақылауда, жыл сайын шамамен 43 мың жаңа онкологиялық жағдай
тіркеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл нәтижелер
онкологиялық қызметті жаңғыртуға бағытталған кешенді жоспар аясында қол
жеткізілген.
Сәтпаевтың голын үздік деп таныды
Қазақстан
құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» сапындағы
алғашқы голы Аустралияда өткен Sydney Super Cup маусымалды турнирінің ең үздік
голы деп танылды. Сәтпаев бұл голды «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына
қарсы матчта соқты. Ол алаңның ортасынан берілген пасты қабылдап, қарсылас
қорғаушыларынан озып шығып, дәл соққымен допты қақпаға тоғытты. Бұл гол
Сәтпаевтың ғана емес, бас бапкер Хаби Алонсоның да «Челси» сапындағы алғашқы
добы болды.
Астанада Волонтерлер саябағы ашылады
Астанада алғаш рет Волонтерлер саябағы ашылады. Бұл туралы «Астана жастары»
ресурстық орталығының өкілдері хабарлады. Саябақты еріктілер ұйымдары ең көп
шоғырланған Сарыарқа ауданында ашу жоспарланып отыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07