Президент Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты. Мемлекет басшысы көңіл айту жеделхатында: «Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, байланысшы ретінде соғыстың соңына дейін қатысты. Елге оралған соң ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында мінсіз қызмет атқарды. Адамгершілік қағидаттарынан айнымайтын әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен көпшілік арасында зор абыройға ие болып, құрметке бөленді. Иван Степанович ғұмыр жолында жасампаз патриотизмнің, антқа адалдықтың және әділдік құндылықтарын берік ұстанудың жоғары үлгісін көрсетті. Оның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады», - деп жазды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06