Каспий түбімен интернет желісі тартылып жатыр
Қазақстан әзербайжандық әріптестерімен бірлесіп, Каспий теңізінің түбімен суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеуге кірісті. Оған су сыйымдылығы 20 мың тоннадан асатын ең қуатты кабель төсеуші кеме тартылды. Бортта 70 экипаж мүшесі, техникалық қадағалау мамандары және «Қазақтелеком» өкілдері бар.
Интернет желісінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Былтыр теңіз түбімен өтетін қауіпсіз бағыт анықталып, экологиялық тұрғыдан рұқсат алынған еді. Арнайы суасты интернет кабелі Қытайда жасалып, барлық сынақтан сәтті өтті. Қазір оны теңіз түбімен төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауа райы қолайлы болса, бұл кезең 15–20 күнде аяқталады. Айта кетейік, Транскаспий жобасын Қазақстанның «Қазақтелекомы» мен Әзербайжанның AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы