Шығыстағы орманшылар бес жылда 40 млн көшет екті
Еліміздегі жалпы орман қорының төрттен үш бөлігі шығыста өседі. Оның 80 пайызы – қылқан жапырақты ағаштар. Осы ен байлықты одан әрі сақтап, күтіп-баптап, қорын көбейту үшін Мемлекет басшысы Үкіметке 2021 жылдан бастап 2027 жылға дейін ел көлемінде 2 миллиард ағаш егуді міндеттеген. Игі бастаманы шығыстағы орманшылар бірінші болып қолға алып, соңғы 5 жылда 40 миллион көшет екті. Өңірде қазір 13 орман шаруашылығы, 2 қорық, 1 ұлттық парк бар. Аймақтағы 3 миллион гектар орманға 1200 орманшы жауапты.
Дамир Ерназар, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы:
Орманда көшет егумен қатар мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік жұмыстар атқарып тұрады. Осы уақытқа дейін орманда заң бұзушылық және басқа да жағдайлардың алдын алу бойынша 1100-ден астам рейдтік іс-шара жүргізілді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16