Павлодарда дрон шығаратын өндіріс іске қосылды
Павлодарда ұшқышсыз ұшу аппараттарының сериялық өндірісі іске қосылды. Жоба Оңтүстік Кореяның дрон өндіретін ірі компанияларының бірімен серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 500-ге тарта әртүрлі модификациядағы өнім шығарылмақ. Әзірге кәсіпорын ұшқышсыз ұшу аппараттарының төрт үлгісін шығарады. Олар жергілікті ауыспалы климатқа бейімделіп, әр салада пайдалануға арналған квадрокоптер, гексакоптер және тіке ұшып-қонып қона алатын екі аппарат. 50 шақырымға дейін ұша алады.
Ли Джон Киёнг, «Preneu» компаниясының бас директоры:
Егер Қазақстанға тек дайын техниканы жеткізетін болсақ, оның шығыны өте жоғары болар еді. Сондықтан технологияларды Қазақстанға беріп, осы жерде өндіріс ашу ең тиімді жол деп шештік. Қазіргі таңда негізінен азаматтық және қорғаныс салаларына қажетті өнім шығаруға көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі жасалып отырған жұмыстар осы елдегі ұшқышсыз авиация саласының дамуына ықпал етеді. Ең бастысы - екі жылдың ішінде қазақстандық үлес салмағы 85 пайызға жетеді деп отырмыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14