ШҚО-да қайтарылған қаржыға әлеуметтік нысандар салынды
Шығыс Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жеті нысанның құрылысы аяқталды. Олардың барлығы шалғай ауылдар мен халық көп шоғырланған аудан орталықтарында бой көтерді. Риддер қаласындағы көпбейінді аурухана кешені жаңартылса, Алтай ауданында магниттік-резонанстық томография аппаратын қоюға арналған қосымша ғимарат салынды. Ал Шемонайха ауданындағы алыс ауылдардың бірінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бозанбай, Асубұлақ, Отрадное және Большая Речка ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандары толық жаңартылды. Нәтижесінде 4 мыңға жуық тұрғын таза суға қол жеткізді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16