Орталық Азия мен Әзербайжан президенттері Шолпан-Ата декларациясына қол қойды
Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысты.
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама көтергені үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бүгінгі кездесу қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, сан қырлы серіктестіктің алдағы басымдықтарын айқындауға мол мүмкіндік беретініне тоқталды.
Мемлекет басшысы осы маңызды Шартқа қосылғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты және Әзербайжанның консультативтік кездесулердің толық мүшесі болуы бұл форматты нығайтудағы оң эволюцияның жаңа деңгейін көрсететінін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақтырақ шыға бастады деп санайды.
Жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Шолпан-Ата декларациясы қабылданды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы