Қостанай облысында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Қостанай облысының Рудный қаласында жаңа теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды. 1959 жылы салынған ескі ғимарат реконструкциядан өтіп, заман талабына сай жаңа кешенге айналды. Құрылысқа бюджеттен барлығы 750 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Мұнда ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабинет те қарастырылған. Ал негізгі күту залы кең әрі жарық, 70 адамға шақталған.
Жалпы, елде биыл Президент тапсырмасымен 124 теміржол вокзалы жаңаруы тиіс. Өңірде бұл тізімге 6 нысан енген. Қазір Арқалық қаласы мен Тобыл станциясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06