Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
Елде есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын
алғашқы орталық ашылды. Алматыдағы
№5 қалалық клиникалық ауруханадағы аудиологиялық скринингті сүйемелдеуге арналған
трекинг-орталық Қазақстанның барлық өңірінен келетін пациенттерге көмек көрсетеді.
Қазір есту қабілеті бұзылған пациенттердің тізімін бірыңғай тіркеу жүргізіліп
жатыр. Бұл орталық «Мен естимін» пилоттық жобасы шеңберінде ашылып, сынақтан сәтті
өтті. Мәселен, 11 баланың толық естімейтіні дер кезінде анықталды. Олардың
барлығына кохлеарлық импланттау жасалып, қазіргі уақытта оңалтудан өтіп жатыр.
Жоба толық ауқымда іске асырылғаннан кейін жыл сайын 90 мыңнан астам баланы
аудиологиялық мониторингпен қамту жоспарланды. Сондай-ақ, дәл осындай орталықтарды
кезең-кезеңімен Алматыдағы барлық перзентханалар мен медициналық-санитариялық
алғашқы көмек ұйымдарында іске қосу көзделіп отыр. Бұл жоба аудиологиялық
скринингтен бастап диагностика, емдеу, есту аппараттарымен қамтамасыз ету және
оңалтуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеуді қамтиды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы