Босануға байланысты төленетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері - 2,5 млн теңгеге жетті
Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты төленетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері - 2,5 млн теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Биылғы жарты жылда Алматыда 94 мыңнан астам адам сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алған. Оның жалпы көлемі - 48 млрд теңгеден асты. Босануға байланысты әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері - шамамен 1 млн 400 мың теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1 млн 600 мың теңге болған. Қор маманы бұл өзгерісті заңнамаға енгізілген түзетулермен байланыстырды. Айтып өтейік, әлеуметтік төлемнің нақты мөлшері әр азамат үшін жеке есептеледі. Ол соңғы 12 ай ішінде түскен табыс көлемі мен аударылған әлеуметтік төлемдерге және жүктілік пен босануға байланысты еңбекке жарамсыздық демалысының ұзақтығына байланысты анықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы