Алматыда 20 шақырым жылу желісі жаңартылады
Алматыда «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 шақырымға жуық жылу магистралі қайта жаңартылады. Жобаны «Қазақстанның Даму Банкі» мен «Алматы электр станциялары» бірлесіп жүзеге асырады. Қазір желінің тозу деңгейі 83 пайызға жеткен. Сондықтан құбырларды толық ауыстырып, жаңа инженерлік желілер салу көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылыту маусымындағы апаттық жағдайлардың қаупі едәуір төмендейді. Жобаның жалпы құны 61 миллиард теңгеден асады. Жаңарту жұмыстарын 2030 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05