Конституция – ел тұтастығының кепілі
Еліміздің Конституциясында мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен шекарасының мызғымастығы басты қағидаттардың бірі ретінде бекітілген. Заңға сәйкес, Қазақстанның аумағы біртұтас, бөлінбейді және қол сұғылмайды. Конституцияда жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені, ал мемлекет оларды халықтың игілігі үшін қорғайтыны көрсетілген. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджановтың пікірінше бұл нормалар Қазақстанның егемендігін нығайтып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жанат Мұхамеджанов, халықаралық «қазақ тілі» қоғамы СҚОФ төрағасы:
Жеріміздің, еліміздің тұтастығын, Тәуелсіздігін сақтау жолында бірқатар нормалар енгізілді. Бұл ең бірінші, «Біз ұлы даланың мыңдаған жылдар бойы біртұтас мемлекетпіз» деп Конституциямыздың преамбуласында жазылған. Шынында бұл Конституция халықтың өмірін жақсартуға әрі қарай кепілдік береді деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы