Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар 2025-2026 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 1 059 медаль жеңіп алды. Биыл әлемдегі ең беделді жеті халықаралық пәндік байқаудың төртеуіне қатысқан дарынды жасөспірімдер барлығынан жеңімпаз атанып елге 19 медальмен оралды. Сондай-ақ, Колумбияда өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет жалпыкомандалық есепте абсолютті чемпион атанды және бес алтын медаль еншіледі. Енді Ұлттық құрама қыркүйек айына дейін география, информатика және лингвистика пәндері бойынша тағы үш ірі халықаралық жарыста ел намысын қорғайды. Жалпы еліміздегі әрбір үшінші оқушы зияткерлік сайыстарда бақ сынап жүр.
Әмірбек Азатбеков, Халықаралық физика олимпиадасының алтын медаль иегері:
Бұл тек оқушылардың өздерінің еңбегі емес, ата-аналардың қолдауы, мұғалімдердің қолдауы. Жаттықтырушылардың еңбегі. Олар болмаса, мен осындай жетістікке жете алмас едім.
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын мемлекетте назардан тыс қалдырған емес. Былтыр үздік оқушылар мен оларды даярлаған педагогтерге жалпы сомасы 100 млн теңгеден аса біржолғы мемлекеттік сыйақы төленді. Сондай-ақ, еліміздің жоғары оқу орындарында грант негізінде білім алуға және «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы шетелде оқу мүмкіндігіне ие болды.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК-ке дейін, күміс медаль иегерлеріне – 1000 АЕК-ке дейін, қола медаль иегерлеріне – 500 АЕК-ке дейін сыйақы беріледі.Мемлекеттік қолдау тек оқушыларға ғана емес, олардың жетекшілеріне де бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы