Қазақстан экспортының 95 пайызына баж салынбайды
Иә, АҚШ Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізді. Осыған байланысты Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады. Құзырлы мекеменің хабарлауынша бұл салық еліміздің АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің шамамен 95 пайызына салынбайды. Ал бұған дейінгі 10 пайыздық уақытша импорттық үстеменің мерзімі аяқталғандықтан, ол жаңа бажға қосылмайды. Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық экспорттаушылардың мүддесін қорғау үшін АҚШ тарапымен келіссөзді жалғастырып жатыр.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05