БҚО-да 151 «Құқық кабинеті» жұмыс істейді
Батыс Қазақстан облысында 151 «Құқық кабинеті» жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімдіктеріндегі бөлімде тұрғындар мамандардан кеңес алып, мемлекеттік цифрлық сервистерді пайдалануды үйренеді.
Азаматтар негізінен жер мәселесі, әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, құжаттарды рәсімдеу туралы сұрақтармен келеді. Оларға «Әділет», «Заң» ақпараттық жүйелері, eGov электронды үкімет порталы, e-Otinish сервисі, басқа да цифрлық ресурстармен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Бұл ауыл тұрғындарының құқықтық сауатын арттыруға, түрлі түйіткілдерін тұрғылықты жерде шешуге сеп болады. Сондай-ақ, әділет департаментінің өкілдері халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетуді жалғастырып келеді.
Әдемі Бектібаева, Облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары:
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оның қызметі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, іс-шараларды үйлестіруге бағытталған. Біз бұл кеңседе халықты құқықтық ағарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыс істейміз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17