Басты Жаңалықтар 104 мың қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

104 мың қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Елімізде бүгінде 104 мың қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.

Кепілдендірілген  арнаулы әлеуметтік көмекпен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен тұлғалар қамтылған. Оларға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, еңбек және мәдени, әлеуметтік экономикалық және құқықтық қызметтер көрсетіледі. Ағымдағы жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге 189 миллиард теңге қарастырылған. Жалпы, ел бойынша әлеуметтік қызметтің бұл түрін көрсететін 617 ұйым бар.Соның бірі - зейнеткерлік жасқа жеткен және 1,2 топтағы мүгедектігі бар азаматтардың тұруына арналаған «Шарапат» орталығы. Мекемеде бүгінде 350 қызмет алушы бар. Орталық  арнаулы әлеуметтік қызметтерді стационар жағдайында ғана емес үйден қызмет көрсету жағдайын ұсынады. Бүгінде үй жағдайында көрсетілетін көмектің бұл түріне 640 қызмет алушы ие. 

Данагүл Жылқыбаева, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

Үйлеріне аптасына екі рет әлеуметтік қызметкерлер барады, үй жинауына көмектеседі. Азық-түлік әкелуге, дәрі-дәрмек әкелуге және поликлиникаға бірге апарып, алып келіп, психологиялық көмек көрсетеді. Яғни, қызмет алушылар өзінің жалғыз еместігін сезінеді.


Бөлісу