Басты Жаңалықтар Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті

Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті

Оралдың Деркөл кентінде бұралқы иттер қорадағы мал мен құсты қырып кеткен.

Зейнеткер Мұрат Бейсеновтің айтуынша, оқиға таң ата болған. Бұралқы иттер 3 сауын ешкі мен 20 шақты қаз, тауықты балапанымен бірге тамақтап кеткен. Зардап шеккен тұрғын шығын көлемін 500 мың теңгеге бағалап отыр. Және бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес екен. Бұған дейін иесіз иттер ауладағы 80-ге жуық қаздың балапаны мен 40 шақты үйрегін қырып салған.

Мұрат Бисенов, Деркөл кентінің тұрғыны:

Кредитке алған малым еді. Далада малым бар, мына үйге балалар сүт, айран ішсін деп алып келген ешкім бар еді сауып отырған. Бәріміз ұйықтап жатқан кезде 3-4-тердің шамасында келіп тұр бұл иттер.  Көршім «ит деген қатты үрді» дейді. Бажам ауламда ит жүргенін айып хабарласты. Жолдасым атып шығып жүгіргенде, 4 ит кіріп, ешкілерімді қырып кеткен. Ертең малды қойып, адамға шабады ғой бұлар. Сонда да үндемей отыра береміз бе осылай?! Енді мен кредитке алған малды қалай төлеймін?

Оқиға орнына әкімдік өкілдері келіп, тұрғынның шағымын тыңдады. Бұралқы иттердің адамға шабуы да тыйылмай тұр. Көктемнен бері қалада 19 адамды ит қапқан. Ал жыл басынан бері І-Komek жүйесіне иесіз жануарларға қатысты 180 өтініш түскен.


Бөлісу