Басты Жаңалықтар «Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты

«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты

Астанада өткен «Бір ауыл-бір өнім» жобасына биыл жергілікті 38 кәсіпкер қатысты.

Көрмеге қойылған өнімдердің барлығын өндірушілер өз қолымен жасаған, оның ішінде ағаш пен керамика ыдыстары, былғарыдан тігілген аяқ киім, ұлттық нақыштағы әшекей-бұйымдары мен табиғи тамақ өнімдері бар. Шараның мақсаты - жергілікті шикізаттан өнім дайындайтын кәсіпкерлерді қолдап, бәсекеге қабілетті бренд қалыптастырып, оны сырт елдерге таныту дейді ұйымдастырушылар. Жоба басталғалы үш жыл ішінде елордалық екі кәсіпкер жаңғақ пен жент шоколадын Жапон еліне экспортқа шығарып жүр. Биыл 38 кәсіпкердің 20-сы жартылай финалға іріктелді. Одан сүрінбей өткен 10 жеңімпазға 5 миллион теңгенің гранты табысталады. Оған кәсіпкерлер өндіріске қажетті құрал-жабдық немесе шикізат сатып ала алады.

Бақытхан Секейхан, кәсіпкер:

Біз Қазақстанға таныту үшін бізге не керек? Бірінші өнімді үлкейту үшін технология керек, сосын іскер адамдар керек, сол мақсатта осы аяқ  киімдерімізді Қазақстанға таныту үшін , бүкіл ТМД -ға шығамыз ба деген оймен қатысып отырмыз. 

Азамат Жүсіпбек, шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы:

Қалай бағаланады, біріншіден ол жергілікті шикізаттан болуы керек. 70 пайыздан төмен емес дайын өнім, одан кейін оның уникалдылығы, актуалдығы, экологиялық таза болуы керек.
Бөлісу