Басты Жаңалықтар Балаларға қауіп төндірген 3500 сайт бұғатталған

Балаларға қауіп төндірген 3500 сайт бұғатталған

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Онлайн ойындар, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды пайдалану барысында киберқауіптің құрбаны болатындар аз емес. Мәселен бір Атырау облысының өзінде жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 450-ден астам дерегі тіркелген. Оның 95-тен астамы сотқа жолданған. 2 жасөспірім дропперлердің арбауына түссе, 10-нан астам жеткіншек онлайн ойындардан зардап шеккен. Осы деректерден кейін заңсыз әрі қауіпті интернет-ресурстарды анықтайтын «Киберқадағалау» бағдарламасы арқылы 3500 сайт бұғатталған. Енді мамандар балаларға бейтаныс адамдармен хат алмаспауды, жеке мәліметтерді жарияламауды және күмәнді сілтемелерге өтпеуді ескертеді.

Әділбек Қозыбеков, облыстық ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

Қазіргі таңда интернет алаяқтары өте көп. Ата-аналар баласымен ашық қарым-қатынас орнатуы керек. Интернет қауіпсіздігін пайдалану ережелерін үнемі түсіндіріп, айтып отыруы керек. Баласы қандай сайтқа, қандай интернетке кіріп отыр, не жасап отыр, соның барлығын бақылауға алу керек.
Бөлісу