Басты Жаңалықтар Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 76 пайызы электронды форматта көрсетілген

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 76 пайызы электронды форматта көрсетілген

Әлеуметтік-еңбек саласында қағаз құжаттар азайған. Мәселен, жыл басынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 3 млн 600 мың қызмет көрсетілсе, соның 76 пайызы электронды түрде ұсынылған. Бұған қоса, медициналық деректер мен құжаттарды саралай отырып, қорытынды жасауға жәрдемдесетін жасанды интеллект моделі енгізілді. Ол іске қосылғалы бері 24 мыңнан астам өтініш қаралған. Сондай-ақ, жасанды интеллект атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға да көмектеседі. Ескеретін жайт, ЖИ деректері тек ұсынымдық сипатта ғана болады. Түпкілікті шешімді мамандар қабылдайды. Жалпы, қазіргі күні министрліктегі 49 қызметтің 45-і электронды форматта ұсынылады, олардың 28-і проактивті. Яғни азаматтар өтініш бермей-ақ, өзіне тиесілі қызметті немесе көмекті автоматты түрде ала алады.

Саяжан Ешанқұлов,  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамент директоры:

ТОП-3 мемлекеттік қызмет. Бірінші кезекте, жұмыссыз ретінде тіркелу. Екінші кезекте, еңбек мигранттарына рұқсат беру, үшінші, жұмысынан айырылу бойынша төлемдер деп айтсақ болады. 90 пайыздан аса қызметтер электронды түрде жүргізіледі.


Бөлісу