Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
Аудан орталығы Шетпе ауылындағы вокзал бұдан 60 жыл бұрын салынған. Құрылыс кезінде ғимараттың шатыры мен қасбеті түгел жөнделді. Инженерлік желілер тартылып, абаттандырылды. Нәтижесінде вокзалдың аумағы 200 шаршы метрден 1 мың шаршы метрге дейін ұлғайды. Нысанда қауіпсіздік және энергия үнемдеу талаптары ескерілген. Бүгінде вокзалдың тәуліктік өткізу қабілеті екі есеге артып, 100-ден 200 жолаушыға дейін жетті. Шетпе станциясы арқылы Семей, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Орал бағыттарына қатынайтын 16 пойыз өтеді.
Бақытжамал Валетханова, ауыл тұрғыны:
42 жыл жұмыс істедім осы жерде дежурный подстанция болдым, оператор болып жасадым. 60 жылдан бері біз бұрынғы ескі вокзалда жұмыс жасадық. Енді мына вокзалымызды жақсы вокзал салып, ауданымызды көркейтіп, елімізді қуантып жатқан басшыларға рахмет айтамыз.
Асқар Аққұлов, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес осы еліміздің аумағындағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау бойынша осы аудан орталығы Шетпе ауылының теміржол вокзалы қайта құрылымдау жаңғырту қызметінен өтті. 2100 метр квадрат перрон жұмыстары да қайтадан жаңғыртылды. Әсем ғимаратты аудан тұрғындарына, қонақтарға керемет жағдайда табысталып отыр.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10
Қазақстанда психикалық денсаулық сақтау жүйесі реформаланады
22.07.2026, 20:07