Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
Ұлыбританияда 16 жасқа толмаған балаларға қатысты жаңа тыйым күшіне енбек. Келер жылдың сәуір айынан бастап жасөспірімдерге кофеині шамадан тыс энергетикалық сусындар сатылмайды. Яғни, бір литрдің ішінде 150 миллиграмнан көп кофеин қосылған өнімдерді балаларға сатуға болмайды.
Бұл туралы ақпарат үкімет сайтында жарияланды. Тыйым дүкендерді ғана емес, сауда автоматтары мен онлайн платформаларын да қамтиды. Ережені бұзған сатушыларға 2,5 мың фунтқа дейін айыппұл салынуы мүмкін. Үкіметтегілердің пайымынша, бұл бастама өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуға және балалар арасындағы семіздікпен күресуге бағытталған. Деректерге сәйкес, Англияда күніне шамамен 100 мың жасөспірім энергетикалық сусын ішеді.
Ли Маршал, қоғам белсендісі:
Бір ғана құтының ішінде жарты стакан қант бар. Энергетикалық сусын күйзеліс деңгейін арттырып, ұйқысыздыққа әкеп соқтырады, ең бастысы жүрекке кері әсер етеді. Бұл сусын бала түгілі, ересек адамның ағзасына орасан қауіп төндіреді.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10