Жыл басынан бері 5 адам денге безгегін жұқтырды
Жыл басынан бері ел ішінде 5 адамнан денге вирусы анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше, олар қауіпті індетті шетелден жұқтырып келген. Денге безгегі адамнан адамға жұқпайды. Бұл вирус тек Азия, Африка елдерінде кездесетін «эдес» деп аталатын масадан таралады. Індеттің белгілері әдетте бірден байқалмаса да, бір аптадан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, қызуы көтеріледі. Бұл ретте эпидемиологиялық комитет шетелге шығуды жоспарлап жүрген ел азаматтарын сақ болуға шақырады.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Туристік мақсатта ең негізгі көңіл бөлетін нәрсе – масалардан қорғану. Біріншіден масаларды үркітетін репиленттер себу, сосын өзі тоқтаған отельдерге барған кезде масадан қорғайтын тор бар ма қарау керек. Сосын табиғат аясына шыққанда барынша ұзын жеңді киім-кишек киген дұрыс.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04