Сарапшы: Құрылтай сайлауы саяси жүйені жаңа деңгейге шығарады
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы елдегі саяси реформаларды жаңа деңгейге шығарады. Сарапшылар осылай дейді. Олардың айтуынша, кейінгі жылдары дамыған елдердің көбі қос палаталы жүйеден бас тартып жатыр. Есесіне заң шығару процесі жеделдеп, қаржылай шығын азайған. Ал депутаттардың партиялық тізім бойынша сайлануы билік пен халық арасындағы байланысты нығайта түседі.
Жамаладен Ибрагимов, ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры:
Құрылтайдың сайлауымен осыған дейінгі жүргізіліп келген Конституциялық реформалардың үлкен бір кезеңінің нүктесі қойылады деп айтуға болады. Өйткені бұл құрылтайдың сайлауы қоғамға үлкен серпіліс әкеледі. Екіншіден, қоғам бұл Құрылтайдың құрамынан халықтың мүддесіне, қоғамның қажеттілігіне жауап бере алатын, сапалы заңдарды әзірлейтін кәсіби депутаттарды күтеді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04