Елімізде зейнетақы жинақтарына қатысты жаңа ереже күшіне енеді
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы инвестициялық табыс инфляциядан төмен болған жағдайда айырмашылықты мемлекет өтеп келді. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет тек шотқа нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Яғни, инфляция салдарынан қаражаттың құнсыздануы енді өтелмейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, бұл өзгеріс азаматтарға зейнетақы жинағын басқарудың балама тетіктері қолжетімді болғандықтан енгізіліп отыр.
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:
Бұл дегеніміз азаматтардың ай сайын алатын зейнетақы мөлшеріне ешқандай қатысы жоқ. Өзгерістің басты себебі бұл қыркүйектен бастап, азаматтарымыз жинақтаған қаражатын толық басқарушы компанияларға аударып, болашақ инвестициялық табысын көтеруге, соны көбейтуге мүмкіндік алып отыр. Бүгінгі күнде 6 инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар қызмет атқарып жатыр. Ол туралы ақпарат enpf.kz сайтында бар.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05