Ғалымдар Алтын Орда тарихындағы әйел көшбасшылардың рөлін талқылады
Алматыда Алтын Орданың көрнекті әйел тұлғаларына қатысты тарихи деректер мен оларды зерттеудің өзекті бағыттары талқыланды.
Жиынның мақсаты – Алтын Орданың саяси, дипломатиялық, мәдени және рухани өміріндегі әйелдердің рөлін жан-жақты зерделеу. Сондай-ақ ортағасырлық Еуразия кеңістігіндегі әйел көшбасшылығын зерттеудің жаңа ғылыми тәсілдерін қарастыру.
Іс-шараға тарихшы-археологтар, ғалымдар, Алтын Орда тарихын зерттеушілер қатысты. Олар Алтын Орда тарихындағы әйелдердің мемлекет басқару, мәдениет саласындағы орнына қатысты тың зерттеу нәтижелерін бөлісіп, тарихи мұраны зерделеу бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады.
Думан Жекенов, саясаттанушы:
Алып та, батыр да, ақын да анадан туады деген нәрсе бар. Алтын Орда тарихы болса, ол біздің ұлы тарихымыздың бірі. Ол жерде көлеңкеде аты аталмаған, бірақ ұлы хандарды тәрбиелеген, өсірген, оларға ұлы тарих жасатқан әйелдер мен аналарымыз бар екені сөзсіз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16