Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Жыл соңына дейін барлық жолаушылар пойызында интернет болады

Қазақстанда жыл соңына дейін жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. Спутниктік байланыс шалғай теміржол учаскелерінде де тұрақты интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

Жолаушылар Wi-Fi арқылы WhatsApp пен Telegram-да тегін хат алмасып, ақылы тариф арқылы әлеуметтік желілер мен басқа да онлайн сервистерді пайдалана алады.

Биыл 96 мыңнан астам қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты

Қазақстанда тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіші артып келеді. Жыл басынан бері 96 мың 415 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 мыңнан астам адамға көп. Жалпы, биыл 249 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылған.

Жыл басынан бері 7,4 миллион адам ұшақпен сапарлады

Қазақстанда биылғы алғашқы алты айда жолаушылар тасымалы 5,5 пайызға артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезеңде барлық көлік түрімен 979 миллионнан астам жолаушы қатынаған. Сарапшылар мұны көлік саласындағы тұрақты өсімнің көрсеткіші деп бағалап отыр.

Спортшылар Азия чемпионатында 16 медаль алды

Қазақстанның жүзу құрамасы Азия чемпионатын 16 медальмен қорытындылады. Ұлттық құрама қоржынына 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде түсті. Алтын медальдарды Александр Румынский, Даниил Чужинов, Анатолий Руденко және эстафеталық командалар жеңіп алды.


Бөлісу