Қостанай облысында жаңа сүт фермалары 17 мың тоннадан астам өнім өндірді
Қостанай облысында 2 жыл бұрын іске қосылған жаңа сүт фермалары 17 мың тоннадан астам өнім өндірді. Қазір өңірде жылдық қуаты 46 мың тоннаға жететін жеті нысан жұмыс істеп тұр.
Соның нәтижесінде облыста сүт өндірісі былтырғыдан 17 пайызға өскен. Инвестициялық жобалар Алтынсарин, Меңдіқара, Федоров және Қарабалық аудандарында жүзеге асырылып жатыр. Биыл тағы 5 нысан қолданысқа берілмек. Жалпы осы жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қолдауға 9 миллиард теңге қарастырылған.
Назерке Шырдай, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы:
Ұйымдасқан шаруашылықтарда 48 мың тонна сүт өндірілген. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, 15%-ға жоғары көрсеткіш. Өсімнің негізгі факторларының бірі – жаңа заманауи сүт тауарлы фермалардың салынуы. Осы жылы 5 сүт фермасы іске қосылуы керек.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21