Басты Жаңалықтар Биыл 1,8 млн гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

Биыл 1,8 млн гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс жұмыстары толық аяқталды. Биыл химиялық өңдеу 1,8 млн гектар алқапта жүргізіліп, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілмеді.

Соңғы екі жылда заманауи мониторинг жүйелері мен ерте анықтау тәсілдерінің арқасында химиялық өңдеу көлемі 42 пайызға қысқарды. Биыл 103 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынып, жұмыстарға 550-ден астам техника жұмылдырылды.

Саланы цифрландыру аясында FITOCENTRE геоақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе деректерді жедел жинап, нақты уақыт режимінде талдауға мүмкіндік береді.

Александр Лачининский, ФАО-ның шегірткеге қарсы күрес жөніндегі аға сарапшысы:

Қазақстандық мамандар әзірлеген FITOCENTRE цифрлық деректерді жинау жүйесі маңызды рөл атқаруда. Оның көмегімен қағаз түріндегі есептер цифрлық форматқа ауыстырылып, деректер смартфон, планшет және басқа құрылғылар арқылы жиналып, нақты уақыт режимінде бірден талдау және болжау орталығына жіберіледі.

Бөлісу