Үкімет Алакөл жағалауын қорғауға 3 млрд теңге бөлді
Үкімет Алакөл көлінің жағалауын қорғауға 3 миллиард теңге бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Қаржы Жетісу облысындағы ұзындығы 6 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салуға жұмсалады. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылында, ал 3,5 шақырымы Ақши ауылында бой көтереді. Бұған дейін 1,7 шақырым аумақта жағалауды нығайту, бетон құю және габион құрылымдарын орнату аяқталған. Қазір жобаның шамамен 25 пайызы орындалды.
Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары:
Жоба аясында Алакөл көлінің жағалауы бойында ұзындығы 14 шақырым қорғаныс бөгетін салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталды. Осы мақсатта бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп, толық игерілді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04