ОСК «Әділет» партиясының кандидаттарын тіркеді
«Әділет» партиясының кандидаттары Конституция мен «Сайлау» туралы заң талаптарына сай. Орталық сайлау комиссиясы саяси ұйымның партиялық тізімін тіркеп, депутаттыққа үміткерлердің куәлігін табыстады. Комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман саяси ұйым сайлауға бірінші рет қатысып жатқандықтан, тізімге енген барлық адам сайлау жарнасын толық көлемде төлегенін атап өтті. Еске сала кетейік, «Әділет» париясы Құрылтай депутаттарының сайлауына 186 кандидат ұсынған. Құрамына ғылым, білім, бизнес, өнәркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енген. Оның 88-і - әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар адамдар. Заңнамада белгіленген міндетті квота 47,3%-ға орындалған.
Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі:
Жалпы алғанда тізімге енген адамдардың 86%-ы бұл бұрын соңды Парламентте болмаған азаматтар яғни жаңа адамдар. Бұл да біз үшін өте маңызды. Соның ішінде бұрын Парламентте қызмет еткен азаматтар да бар. Олардың үлесі жаңа атап өткендей қалған 14-13%-дың көлемінде. Ол да біз үшін өте маңызды деп санаймыз.
ОСК: «Ауыл» партиясының кандидаттары барлық талапқа сай
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы соңғы, жетінші - «Ауыл» партиясының кандидаттар тізімін тіркеді. Партияны сайлау бюллететіне енгізу туралы қаулы қабылдады. Саяси ұйым Құрылтай сайлауына 69 үміткер ұсынған. Комиссия хатшысы Шавхат Өтемісов олардың Конституция мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сай екенін мәлімдеді. Саяси ұйым бұған дейінгі Парламент Мәжілісінің сайлауында электораттың 10,9% қолдауына ие болуына байланысты жарна төлеуден босатылды.
Қайрат Айтуғанов, «Ауыл партиясы» ҚБ төрағасы:
Партиялық тізімде 49 ер адам және 20 әйел бар. 6 кандидат - мүгедектігі бар азамат, 10 үміткер - жастар. Кандидаттардың 42 пайызы агроөнеркәсіптік кешенде еңбек етеді. Сондай-ақ тізімге кәсіпкелер, өндіріс басшылары, ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, партия ардагерлері және азаматтық қоғам өкілдері енді.
ОСК халықаралық 86 байқаушыны аккредиттеді
Бұдан бөлек, сайлау өткізуге жауапты орган тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олар: Индонезия, Малайзия, Өзбекстан мен Пәкістан Ислам Республикасының өкілдері. Осылайша, қазірге дейін Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық 86 байқаушы аккредиттелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы