Альцгеймерді емдеудің жаңа әдісі таныстырылды
Алматыда альцгеймер ауруы мен мидың қартаюына байланысты басқа да дерттерді емдеуге арналған жаңа әдіс таныстырылды.
Жаңа тәсіл ешқандай хирургиялық араласуды қажет етпейді. Яғни, арнайы қысқа акустикалық импульстар арқылы мидың қажетті аймақтарына әсер етіп, ми жасушаларының жұмысын жақсартуға бағытталады. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс мидың қартаюына байланысты өзгерістерді бәсеңдетуге және есте сақтау, ойлау қабілетін қолдауға мүмкіндік береді. Жалпы бұл кеселдің емі жоқ. Дегенмен, асқындырмаудың жолы көп. Себебі соңғы жылдары мұндай диагноз егде жастағы адамдармен қатар, жас пациенттер арасында да жиі кездеседі, дейді дәрігерлер.
Ермек Желдібаев, «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК директорының орынбасары:
Ешқандай хирургиялық араласуды пайдаланбай, қауіпсіз әдіс. Бұл әдіс кезінде арнайы ультра қысқа окустикалық импульстар арқылы мидың тініндегі нақты аймаққа дәл әсер етуге мүмкіндік болады. Осы әдісті қазіргі таңда шетелдің кейбір жетекші орталықтарында сегіз жылдан астам уақыт альцгеймер ауруын емдеуге және ғылыми зерттеулер жүргізіп, клиникалық тәжірибе қолданып жатыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16