Басты Жаңалықтар 3,5 мыңнан аса ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

3,5 мыңнан аса ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Алдағы екі жылда елімізде 3,5 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Нәтижесінде елді мекендердегі байланыс инфрақұрылымын дамыту деңгейі қазіргі 43-тен 92 пайызға дейін артады. Сонымен қатар елде 4G және 5G желілерін кеңейту, Direct-to-Cell спутниктік байланысын енгізу, және Павлодар облысында деректерді өңдеу орталықтары алқабын салу жобалары іске асырылып жатыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз мәслихатында айтылды. Қазақстанда алғаш рет «Цифрлық кодекс» пен «Киберқауіпсіздік туралы» заң қабылданды. Сонымен қатар дербес деректерді қорғау талаптары күшейтілді. Енді шектеуі бар қолжетімді ақпараттық жүйелерге кіру кезінде міндетті биометриялық аутентификация қолданылады, ал деректердің таралуы анықталған жағдайда ұйымдар бұл туралы азаматтарды да хабардар етуге міндетті болады.

Досжан Мұсалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:

Қазіргі таңда орташа жылдамдық 89мг/бит секундына жобасында. Біз бұл көрсеткішті көтеруге  көптеген  жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бүкіл республикалық және облыстық жолдардың бәрін 2027 жылдың соңына дейін мобильді интернетпен қамтамасыз ету. Байланыс операторларымен келісімге байланысты 3500-ге жуық ауылды мекенді 3G, 2G ден 4G-ге ауыстыру. Сонымен қоса басқа да жобалар бар.


Бөлісу