Шаңғымен сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғымен сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталады

13.01.2014
Шаңғымен сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталады

Сочи Олимпиадасының салтанатты ашылуында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шығу мәртебесі  Ердос Ахмадиевқа бұйырды. Ердос шаңғы жарысы бойынша сынға түседі.

 
Олимпиадаға қазақстандық шаңғышылар бүгінде 11 лицензияны алып үлгерді. Алайда, сарапшылар жарыстың бұл түрінен тек бір медаль аламыз деген жорамал жасап отыр.
 
Ал, ертең Алматыда шаңғымен сырғанаудан Қазақстан чемпионатының  І туры басталады. Мұнда ең мықты деген спортшылар қатыспақ. 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу