Басты Жаңалықтар Маңғыстаудың тарихи ескерткіштері әлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстаудың тарихи ескерткіштері әлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» номинациясы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Президент Әкімшілігі  Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Telegram-парақшасында жазды.

2024 жылы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудың бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстарын бастауды тапсырған болатын. Осы уақыт аралығында номинациялық материалдарды әзірлеу бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Кеше Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. 29 шілдеге дейін жалғасатын жиында Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған 30 жаңа номинация қаралады. Солардың қатарында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» номинациясы да бар, – деді Ерлан Қарин.

Бөлісу