БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында алғаш рет автогаз толтыру компрессорлық станциясы салынды. Инвестициялық жоба нысаны Орал-Ақтөбе республикалық тасжолының бойында ашылды. Жаңа кешенде жүргізушілер мен жолаушыларға заманауи сервистік қызмет көрсетілмек.
Жымпиты ауылының тұсында, күре жолдың бойында ашылған жаңа нысанда табиғи газ заманауи компрессорларда сығылады. Станция жылдық қуаты 21 млн текше метр метан отынын өндіруге лайықталған. Инвестиция құны – 1 млрд теңге.
Болат Бушанов «Алаш метан» ЖШС құрылтайшысы:
Солярканың, дизтопливоның альтернативасы ол – метан. Қыста 160 градусқа дейін қатпайды. Бағасы, егер солярканы қарасақ, жазда – 300 теңге, қыста 500 теңге болса, метан жазда да, қыста да – 150 теңге.
Жаңа кешенде жол бойы қызмет көрсету бөлімшесі, дүкен, санитарлық-тұрмыстық
бөлмелер, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақ қарастырылған. Бұл заманауи сервистік инфрақұрылымды дамытудың жарқын көрінісі. Әрі
инвестициялық ахуалды жақсартуға сеп болмақ.
Мирас Мүлкәй, облыс әкімінің орынбасары:
Облысымызда бұл Тәуелсіздік алған жылдардан бергі бірінші компрессорлық станциямыз. 2026 жылы облысымызға 1 трлн 51 млрд теңге инвестиция тарту жоспарымыз бар. Қазіргі уақытта 6 айдың қорытындысымен осы көрсеткішті орындау бойынша 107 %-бен келе жатырмыз.
Кәсіпкер келешекте электрмен зарядтау станциясын ашуды көздеп отыр. Ал экологиялық таза отын түрін қолдану жасыл экономиканы дамытуға тың серпін бермек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08
Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі 27 пайызға төмендеді
20.07.2026, 20:08