«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Алматы – Бішкек» халықаралық
автожолының 19-27 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның
жалпы құны – 34 млрд теңге. Игі бастама Мемлекет басшысының еліміздің заманауи
көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге
асырылып отыр.
- Бұл – күн сайын 70 мыңнан астам көлік жүретін еліміздегі ең ірі бағыттардың бірі.Қазіргі төрт жолақты жол көліктің көптігін көтере алмай, әсіресе, Алматыға кіріп-шығатын кезде жиі кептеліс болады. Енді жол сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар көлік ағынын реттеу үшін «Таға» үлгісіндегі екі жаңа жолайрық салынады. Олар автокөліктердің кері бұрылуын және бағыт ауыстыруын ыңғайлы етеді.
- Бақытнұр Бақытұлы, облыс әкімінің орынбасары:
- Соңғы жылдары халық санының өсуі, өндіріс пен бизнестің дамуы және тұрғын үй массивтарының салынуы жүктеме айтарлықтай арттырады. Алматы маңындағы аудандарды белсенді дамуын ескере отырып, көлік ағыны қосымша 100 мыңнан астам автокөлікке арттыру жоспарлануда.
- Сондай-ақ екі жаңа көлік айрығы, тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру жүйесі және жаңа жол жабыны салынады. Бұған қоса, газ, су, электр және байланыс желілері жаңартылып, көшіріледі, дейді мамандар.
- Дархан Иманашев,«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
- Алтын Орда базарынан Қаскелең қиылысына дейін жетеді. Ары қарай бізде жоспарымыз бар, жобалық-сметалық құжаттарымызды дайындап жатырмыз. Ары қарай жолды жалғастыруға. Біз қозғалысты толық жауып жұмыс жасай алмаймыз. Жоспарымыз бойынша ендігі жылдың соңына дейін қозғалысты ашуға жоспарлап отырмыз.
- «ҚазАвтоЖол» өкілдерінің айтуынша, бұл жоба Алматы агломерациясы үшін маңызды. Себебі, алып шаһарға кіріп-шығу жеңілдеп, жол жүру уақыты қысқарады. Сонымен қатар көлік кептелісі азайып, жергілікті тұрғындар мен транзиттік көліктер үшін қозғалыс әлдеқайда ыңғайлы болады, деп жоспарланып отыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07