Басты Жаңалықтар Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады

Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады

Елде зейнетақы жүйесіне бірқатар маңызды өзгеріс енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы өтеуді көздейтін бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ биыл қыркүйектен бастап салымшылар өз жинақтарының 50 пайызын ғана емес, 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыра алады. Бұл азаматтарға қаржысын тиімдірек инвестиция жасауға мүмкіндік береді. Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту үшін халықаралық тәжірибені, соның ішінде Сингапур моделін қарастырып жатыр. Сондай-ақ «4+1» моделі, еңбек өтілін 40 жылға дейін есепке алу және сақтандыру элементтерін қосу секілді бастамаларды қолға алу көзделген.

Әлібек Тоқтауов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы:

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының 50 пайызын ғана инвестицияға салуға болатын еді. Ал қазіргі таңда өзгеріс болғаннан кейін 100 пайызын сенімгерлік басқаруға аударуға болады. Салымшыларға пайдасы ол өзінің зейнетақы жинақтарымен толықтай басқара алады. Демек, сенімгерлік басқармаларға аударған кезде ол өзінің инвестициялық стратегиясын таңдай алады.  


Бөлісу