Басты Жаңалықтар Кепілдік берілген медициналық көмек көлемі кеңейді

Кепілдік берілген медициналық көмек көлемі кеңейді

Конституцияда кепілдік берілген медициналық көмек көлемі кеңейтілді. Енді сақтандыру мәртебесіне қарамастан 11 ауру түрі бойынша консультативтік-диагностикалық қызмет тегін көрсетіледі. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарына туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, вирусты гепатит пен бауыр циррозы, инфаркт, созылмалы бүйрек ауруы және инсульт секілді дерттер енгізілген. Тегін берілетін дәрілік заттардың тізімі де кеңейтіліп, үш мыңнан асты. Бұған қоса жедел жәрдем қызметімен қатар санитариялық авиациямен көмек көрсету де қарастырылады. Мамандардың айтуынша, конституциялық реформалардан кейін мемлекеттік кепілдендірілген медициналық көмек көлемі біршама кеңейген.

Нұрқасым Абатов, Қарағанды медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры:

Мұның ерекшелігі МӘМС жүйесінде сақтандырудың болып, болмауына қарамай барлығына көмек көрсетіледі. Бұл кепілдік жедел жәрдем көмегі, санитарлық авиация, емханалармен станцианарда көрсетілетін мамандандырылған көмектер.


Бөлісу