Еуропалық сарапшы сайлау заңнамасына қатысты пікір білдірді
«Қазақстандағы саяси науқанның сайлау заңнамасына сай өткізілетіні – елдегі демократиялық дамудың жемісі». Брюссельдегі «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі Альберто Тюркстра осылай дейді. Сарапшының пайымынша, Конституцияда көрсетілген пропорциялы өкілдік жүйе негізінде
конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайлау партиялардың рөлін күшейтіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Бұған дейін Қазақстандағы Президенттік, Парламенттік сайлауға қатысқан Альберто Тюркстра 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына да байқаушы ретінде қатысудан үмітті.
Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі, Орталық Азия елдері бойынша тәуелсіз сарапшы:
Тың өзгерістер елдеріңіз үшін ғана емес, Қазақстан мен Еуропалық Одақ қатынасы үшін де өте маңызды. Әрі Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға әсер етері сөзсіз. Барлық 145 орын партиялық тізім негізінде тікелей сайланады. Бұл елдің институционалдық құрылымындағы саяси партиялардың маңыздылығын арттырады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10