Параволейболдан Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері елге оралды
Параволейболдан қола медаль иеленген ұлттық құрама спортшылары елге оралды. Қытайдың Ханчжоу қаласынан шыққан ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды. Әлем чемпионатынан алғаш рет қола жүлдесін иеленген спортшыларды әуежайдан ет жақындары сән-салтанатпен қарсы алды. Әлем чемпионатында ерлер арасында 16 ұлттық құрама бақ сынады. Ел құрамасы топтық кезеңде Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен ойнап, келесі кезеңге өтті. Одан кейін Польша мен Руанда құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Иранға жол берген қазақстандықтар үшінші орын үшін өткен кездесуде Бразилияны 3:2 есебімен ұтты.
Бауыржан Сартаев, Параволейболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:
Жарыстан келіп жатқанда осындай қуанышты бөлісіп, өте жоғары көңіл-күйде тамаша әсер қалдырып, сөзбен айтып жеткізе алмаймыз, керемет әсер. Жапонияда өтетін Пара Азия ойындары сол жарыста жақсы өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарына көтерілу негізгі мақсат.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04